sxodim.kz[/caption]
Биылғы жылдың 4 қыркүйегінде елордада марафон өтеді. Оған 5000 адам қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Үкімет мүшелері, QazaqBanki, ERG, KazTecInnovations, Aspan, Accord, Науriot Hotel Astana және «Самұрық-Қазына» компанияларының қызметкерлері, сондай-ақ, таяу және алыс шетел атлеттері, елшіліктер мен халықаралық компаниялар қызметкерлері марафонға қатысатындарын растады.
2009 жылдан бері өткізіліп жатқан марафон биыл барынша кең ауқым алады. Бұл әлемдегі ең «жазық» бағдарлардың бірі ретінде тартымды болып отыр. Жарысқа қатысушылар өздерін 10, 21,1 және 42,2 шақырым қашықтықтарда сынай алады, сонымен бірге, өздерінің жеке рекордтарын жақсарту мүмкіндігіне ие болады.
Марафонға кез-келген тілек білдіруші қатыса алады. Оның екі тәсілі бар. Біріншісі – astana42k.com сайтында қарапайым әрі түсінікті онлайн-тіркелу рәсімі. Екінші тәсіл – Кроссфит Астана клубтарында ақысын қолма-қол төлеумен оффлайн-тіркелу. Сондай-ақ, «SOS Балалар ауылдары», «Аяла» және «Қасиетті жол» қайырымдылық қорлары арқылы тіркелуге болады.
Жарна сомасы 10 шақырым үшін – 3000 теңге, ал 21,1 мен 42,2 шақырым үшін 7000 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, жарналардың бөлігі One Steppe Beyond, яғни «шектен тыс әлемге қадам» деп аталатын тағы да бір қайырымдылық жобасының іске асырылуына жұмсалады. Бұл жоба ауыл жастарын спортпен шұғылдануға тартып, марафон қозғалысына қатыстыруға бағытталған.
Тағы бір атап өтетін жайт, 2009 жылы спорттық шарадан түрлі қазақстандық қайырымдылық қорлар үшін шамамен 25 миллион теңге жиналған болатын.
Қатысуға тілек білдірушілердің тіркелуі үшін бірнеше санаттар бар. Мысалы, құрамында кемінде 5 адам бар әуесқойлық және спорттық клубтар 20 пайыз жеңілдікке ие болады.
Толығырақ ақпаратты astana42k.com сайтынан алуға болады.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 03 Тамыз, 2016
Астана марафоны қатарға тілек білдірушілерді шақырады

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40