03 Тамыз, 2016

Қытайлық әріптестер «Егеменде» қонақта болды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03 08 - kitai 1 Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында Қытай Халық Республикасы Цзянсу провинциясынан келген делегация қонақта болды. Бас басылымның жұмысымен танысу үшін арнайы атбасын бұрған азаматтардың ішінде аталған провинцияның Орталық телеарнасы басшысының орынбасары Сю Грань Фэн, Цзянсу провинциясындағы Халық үкіметі баспасөз орталығының кеңесшісі Тан Цзянь, провинциядағы Жазушылар ассоциациясы төрағасының орынбасарлары Е Чжао Янь мен Чу Фу Цзинь, сондай-ақ Синхуа газетінің, Ляньюньган қалалық телеарнасының журналистері бар екен. Газет басшылығымен кездескен қытайлық делегация «Егеменнің» ақпарат кеңістігіндегі орны мен маңызына айрықша қызығушылық танытып, алдағы уақытта ақпараттық әріптестік орнатуға ынталы екендерін білдірді. «Қазақстандағы «Нұрлы жол» мен Қытайдағы «Жаңа Жібек жолы» бағдарламалары аясында сауда-экономикалық қарым-қатынас дамып жатыр. Біз сонымен қатар, екі елдің арасында мәдени-рухани байланыстарды да ілгерілеткіміз келеді. Сол мақсатпен делегация құрамында журналистермен бірге танымал қытай жазушыларын да ала келдік», – деді Сю Грань Фэн. Ол сондай-ақ екі ел басылымдары арасында болашақта тәжірибе алмасу мәселесін жолға қоюға болатынына сенім білдірді. Д.Қыдырәлі кездесу соңында Қазақ баспасөзінің қара шаңырағына арнайы бас сұққан шетелдік қонақтарға алғыс айтып, шағын сый-сияпат жасады. 03 08 - kitai 2   Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ Сурет: Ерлан ОМАРОВ