04 Тамыз, 2016

Әйелдер – бизнес әлемінде

695 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Ах, каккя женщина! Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті табысты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Мемлекеттің шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау жөніндегі мақсатты да дәйекті саясатын іске асыру елдің экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. ШОБ дамытуда әйелдер кәсіп­керл­ігі ерекше рөлге ие. Әйел­дердің кәсіпкерлік қызметке қатысуы – олардың жұмыспен қамтылуын кеңейтудің нақты жолдарының бірі, тұлғаның дамуы мен қоғамдағы орнын жақсарту мүмкіндігі, үлкен табыс алу тәсілі. Әйел кәсіпкерлігінің дамуы еліміз жалпы іскерлік ахуалы­мен үздіксіз байланысты, ол елімізде ШОБ-тағы әйел­дер үлесінің ұлғайғанынан байқала­ды. Мәселен, ресми статистика деректері бойынша, әйелдер Қазақ­стан халқының 52%-ын құрайды, экономикалық тұрғыдан белсенді халық арасында олардың үлесі 49%-ды құрайды, ал әйелдердің елдің ІЖӨ-сін қалыптастыруға қосқан үлесі 39%-ға жетіп отыр. Әйелдердің белсенді рөлі ең алдымен ШОБ секторында байқа­лады. Елдің барлық белсенді ШОБ субъектілерінің 41,5%-ын әйелдер басқарады. Одан басқа, әйелдер басқаратын 86%-ға жуық белсенді ШОБ субъектілері жеке кәсіпкерлер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлікті кешен­ді қолдаудың тиімді әрі пәр­мен­ді құралы «Бизнестің жол кар­тасы-2020» бизнесті қол­дау мен дамытудың бірыңғай бағ­­дар­­ламасы болып табылады. Бағ­дарлама бүгінгі күні кәсіп­­керлікте, оның ішін­де, әйел кәсіп­керлігінде байқа­латын негіз­гі проблемаларды шешуге бағыт­талған. Бұл, бірін­ші­ден, қар­жы­­ландырудың жеткі­лік­сіз­­дігі, ал екіншіден, білім мен ақ­па­­рат­тың жетіспеуі. Бірінші про­блема кредиттер бойынша сый­ақы мөлшерлемелерін субси­дия­лау мен кепілдендіру құрал­да­ры, мемлекеттік гранттар беру және жетіс­пейтін инфра­құры­лым­ды жүр­гізу арқылы шеші­ле­ді. Екін­ші проблема оқыту бағдар­лама­лары­­ның кешені арқылы шешім табады. Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қаржылық қолдау шараларымен әйелдердің 30%-ға жуығы, қаржылық емес қолдау шараларымен 40%-ға жуығы қамтылған. Ең үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, әйелдер кәсіпкер­лігін дамыту мақсатында, 2015 жылғы сәуірде Қазақстан Үкі­меті мен халықаралық қаржы ұйым­дары арасындағы Негіздемелік келісімдер шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі мен Еуро­па қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасында «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бағдарлама 3 жылға арналған және кәсіпкер әйелдерді кешенді қолдау жөніндегі басқа бағдарламалардан ерекшеленеді. ЕҚДБ екінші деңгейдегі банк­тер (БанкЦентрКредит, Шинхан банк және ҚазМикроҚаржы) арқылы әйелдер кәсіпкерлігінің субъектілері үшін кредиттік желілер ашты, бұл ретте кредиттік мөлшерлеменің жартысына жуығын «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялайды. «Бизнестегі әйелдер» бағдар­ламасының шарттары еліміздің облыстарында, Алматы мен Астанадан тыс жерлерде барлық қаражаттың кемінде 60%-ын игеруді көздейді. Бүгінгі күні БанкЦентрКредит арқылы 1,9 млрд. теңге мөлшерінде бірінші транш игерілді. Алматы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және ШҚО қарыз алушылары белсенділік та­нытты. 100-ге жуық кәсіпкер әйел негізгі қаражат пен айналым капи­талына осы желі бойынша кредит алды. Қосымша бизнес жобаға консультант тарту және ЕҚДБ бағ­дар­ламасы арқылы жоба құ­ны­ның 60%-ын өтеу мүмкін­дігі ұсы­нылады, кәсіпкер әйел биз­­нес коучингі бар барын­ша ұзақ мерзімді жобаны іске қоса ала­ды, Шэри Блэр қоры­мен (Ұлы­британия) бірлесіп ха­лық­­ара­лық тәлімгерлік бағ­дар­­ла­­масына қатыса алады және «көшбасшылық», «цифрлы тех­нологиялар», «қаржыны бас­қару», «дайын ІТ шешімдер» және «кәсіпкерден кәсіпорынға өсу» бойынша бірқатар бизнес тренингтерді меңгере алады. Бүгінгі таңда 30 жоба іске асырылуда, компанияның 6 топ менеджері халықаралық тәлім­герлік бағдарламасына қатыса­ды, 70-тен астам әйел кәсіп­кер­­лік дағдыларына оқытыл­ған, Қазақ­стан бойынша БанкЦентрКредит­тің несие берумен ай­н­алысатын 100-ден астам маманы әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерін несиелеуге оқытылды. Сонымен қатар, банктердің несие мамандарын әйелдер кәсіп­кер­лігі субъектілерін не­сие­леу­дің ерекшеліктеріне оқы­ту бойынша іс-шаралар жүр­гізіледі, іскерлік байланыс­тарды жолға қою мақсатында әйелдер үшін шебер­лік сыныптар мен ақпарат­тық дөңгелек үстелдер өткізіле­ді. «Бизнес линзаны» диагнос­тика­лаудың орыс және қазақ тілдеріндегі құралы іске қосылды. WWW.EBRDWOMENINBU­SINESS.COM «БИЗНЕС ЛИНЗАНЫ» диагностикалау құралы. Бұл бизнесті балдық жүйе бойынша өз бетінше диагнос­тикалауға мүмкіндік беретін онлайн сауалнама. Қаржыны басқару, нарықты білу, маркетинг және сату, кадрларды басқару, стратегиялық жоспарлау және ұйымдық даму, тәуекелдерді басқару, операциялық жоспарлау сияқты негізгі салалардың 100-ден астам мәселесін қамтиды. Сауалнаманы толтыру үшін компанияға мынадай деректер қажет: тіркеу мәліметтері /БСН/ ЖК куәлігі; кәсіпорын туралы негізгі мәліметтер (сектор, қыз­мет­керлер саны, маркетинг және негізгі қызмет бойынша негізгі көр­сеткіштер); бизнестің негізгі қаржылық көрсеткіштері. «Бизнес линза» сауалнамасына жауап бере отырып, кәсіпкер өз бизнесінің жағдайына талдау мен жоғарыда аталған салалардағы орташа өлшемді көрсеткішті, оның өз елінің нарығындағы орнын, ЕҚДБ қолдау құралдарының мәзірін және дайын шешімдер мысалдарын ала алады – осының бәріне ол кеңсесінде отырып-ақ, бір сағаттың ішінде ие болады. Жоғарыда баяндалғанды түйіндей келе, кәсіпкер әйелдердің аталған қолдау бағдарламаларына қатысуы шағын кәсіпорындарды орта кәсіпорындарға трансформациялау, басқару мен маркетингтің жаңа әдістерін енгізу, өнімділікті арттыру арқылы бизнесті дамыту мен кеңейтуге ықпал ететінін атап өткіміз келеді. Тимур ЖАҚСЫЛЫҚОВ, Ұлттық экономика вице-министрі