Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан атынан Климаттың өзгеруі туралы Париж келісіміне қол қойды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Климаттың жаһандық өзгеру проблемасының шешімі тұрақты дамуды қамтамасыз ету, кедейлікті жою және әлемнің барлық елдерінің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатқа қол жеткізуі үшін негізгі шарттардың бірі болып табылады. Париж келісімі әлемдік қоғамдастықтың қоршаған ортаның құлдырауын тоқтату шешімінің маңызды символы болды.
Қазақстан ұлттық және өңірлік деңгейлерде экологиялық проблемаларды шешуге елеулі үлес қосып жатқан ел ретінде осы тарихи келісімді іске асыруға ерекше мән береді. Сонымен бірге, «Болашақ энергиясы» тақырыбымен «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу тұрғысынан Париж келісімінің маңыздылығын атап өткен жөн. Көрме барысында қоршаған ортаны сақтау мәселелеріне бірінші кезекте назар аударылады.
Сол күні Е.Ыдырысов БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунмен екіжақты кездесуді өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ 2017-2018 жылдары біздің еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігінің басымдықтарын талқылады.
Е. Ыдырысов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Балалар және қарулы қақтығыстар» тақырыбындағы ашық пікірталастарында сөз сөйледі. Өз сөзалымында министр ағымдағы халықаралық мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын ұсынды, атап айтқанда, Ауғанстандағы мектептер мен ауруханаларды салу, білім беру бағдарламаларын іске асыруды қоса алғанда гуманитарлық көмек бағдарламаларын жүзеге асырып жатқан Қазақстанның қосқан үлесі жайында айтты.
«Егемен-ақпарат»

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40