Кеше Қазақстанның «Гвардейск» полигонында «Артиллериялық оқ ату шеберлері» – «Түнгі спринт» байқауының екінші кезеңі басталды. Армия ойындары шеңберінде бұл түнгі уақытта өткізілген алғашқы сайыс.
Тартыс күрделі болды. Жауынгерлік қалыпта түнгі көру приборларымен жүргізу, минаатқыштан, гранатаатқыш пен автоматтан нысаналарға дөп тигізу – мұның барлығын Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан және Венесуэланың атқыштарына алғаш рет түнгі мезгілдегі байқауда орындауға тура келді.
Әскери қызметшілер 2Б11 минаатқышынан, түнгі көздеуіштері бар РПГ-7В және АК-74-тен оқ атты. Минаатқыштан оқ ату радиусы 15 метр жеке құрамға арналған тасалары бар арнайы дайындалған ордан жүргізілді. Межеге дөп тигізу үшін әрбір командаға үш минадан берілді. Әрбір мүлт кеткен оққа бір айып шеңбері қосылып отырды. Оқ атулар нысананы үздіксіз жарықтандыру үшін белгіленген қарқынмен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 85395 әскери бөлімінің Д-30 122 мм гаубицаларының атыс есептоптарымен жүргізілді.
Түнгі жағдайда оқ ату үшін қатысушыларға қазақстандық «Аселсан» өндірісінің түнгі көру көздеуіштері ұсынылды. Оптика мергендерге түнгі уақытта оқ атуға, сонымен қатар, сайыстың кейбір сәттерінің түсірілімін жүргізуге мүмкіндік берді. Биылғы жылы ойындар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты арқылы алғаш рет тікелей эфирде көрсетілгені де ерекше болды.
Қазақстанның минаатқыш есептоптары түнгі жағдайда барлық кедергілерді ойдағыдай еңсеріп, барынша жылдамдықта мәре сызығына жетті. Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстанның командасы үздік атанды. Екінші орынға Ресей тұрақтады, үшінші орынды Қырғызстанның командасы еншілесе, төртінші орынды Венесуэла місе тұтты.
Қазақстанның командасы жеткілікті деңгейде дайындалғанын айта кеткен жөн. Байқаудың басынан бастап қазақстандық артиллерияшылар жоғары нәтижелер көрсетіп, барлық сынақтарда өздерін сенімді ұстауда.
«Егемен-ақпарат»
Суреттерді түсіргендер
Ақәділ Рысмахан,
Алтынбек Қартабай

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40