04 Тамыз, 2016

Оңтүстікте бензин құйылған 12 цистерна отқа оранды (фото, видео)

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54598" align="aligncenter" width="600"]inform.kz inform.kz[/caption] Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Мұнай» ЖШС мұнай базасында бензин құйылған цистерналар мен сорғы станциясы өртенді. Bnews.kz-тің мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынның көршілес резервуарларға таралуына жол бермес үшін көбік шашқан. «ОҚО-дағы «Мұнай» ЖШС мұнай базасында отқа оранған бензин толы 12 цистерна мен сорғы станциясын сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. 100-ге тарта өрт сөндіруші мен 20-дан аса техника жұмылдырылған. 11:57-ге қарай оқиға орнына өрт сөндіру пойызы аттанды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау үшін көбік шашып жатыр», – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі қазіргі уақытта екі цистернаның сөндірілгенін хабарлады. inform.kz 04 08 - pozhar 3 [caption id="attachment_54602" align="aligncenter" width="640"]inform.kz inform.kz[/caption] Айдар ӨРІСБАЕВ