novoetv.kz[/caption]
Жұма күні Астанада лаңкестікке қарсы оқулар өтеді, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Inform.kz-тің мәліметі бойынша, шараның негізгі мақсаты – терроризммен күрес жөніндегі Астана жедел штабының дайындығы мен берілген тапсырманы орындаудағы күш-қауқарын тексеру.
«Бүгін, 5 тамыз күні Астана қаласындағы бұрынғы жұқпалы аурухана аумағында, Күмісбеков көшесі, 5А мекенжайда террорлық актінің алдын алу және оның салдарын жою жөнінде лаңкестікке қарсы оқулар өтеді», – делінген ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқулар түрлі күрделі элементтері бар шайқас жағдайына барынша жақындатылады.
Терроризммен күрес жөніндегі Астананың жедел штабы елорда тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға және дүрбелеңге салынбауға шақырады.
Айдар ӨРІСБАЕВ

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше