Астанада құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында бұрын сотталған және есепте тұрған азаматтармен кездесу өтті. Онда істі болған адамдар бос жұмыс орындарымен танысты.
– Шараға есепте тұрған, бұрын сотталған, шартты түрде мерзімінен ерте босатылған 150-ге жуық азамат шақырылды. Олармен қоғамдық тәртіп саласында да, отбасылық тұрмыста да қылмыстар мен құқық бұзушылықты болдырмау бойынша профилактикалық сұхбат жүргізілді. Адамдар жазасын өтеп болған соң, жұмысқа тұра алмай, кімге жүгінетінін білмейді. Бұрын істі болған адамды ешкім жұмысқа алмайды, алғысы да келмейді. Өмірде кез келген адам қателеседі. Біз оларға бейімделуге көмектесу үшін осындай шаралар ұйымдастырамыз. Енді олар жұмысқа орналасса жүргізуші, наубайшы болып істейді, – дейді Алматы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Арман Айтыбеков.
Кездесуде Астана қаласының жұмыспен қамту орталығының мамандары жазасын өтеп, бостандыққа шыққан адамдарға бос жұмыс орындарын ұсынды.
Бұрын сотталғандарға әлеуметтік бейімделуге көмектесу үшін шараға «Бейімдеу технологиялары мен тұжырымдамалары» қоғамдық қорының өкілдері шақырылды. Қор заңгерлері есепте тұрған азаматтарға құқықтық көмек көрсетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше