Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдеріне Ақмола өңірінен Отан алдындағы борышын өтеу үшін шақырылған сарбаздары интернет-скайп жүйесі арқылы онлайн режимде ата-аналарымен, туған-туыстарымен бейне-байланысқа шықты, деп хабарлады «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен.
Бұл күні Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Ұлттық ұланның 5510 әскери бөліміне осы өңірден Отан алдындағы борышын өткеру үшін аттанған сарбаздардың ата-аналары, туған-туыстары көптеп жиналды. Барлық әскери бөлімдердің байланыс тораптары тексеріліп жүйеге қосылған соң, өңірлік сарбаздардың тамашалауымен Ұлт-тық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов жауынгерлердің ата-аналарымен әңгіме-пікір өрбітті.
Мұхаметқали Құсайынұлы жиналған қауымға Ұлттық ұлан тарихы, тыныс-тіршілігі мен сарбаздардың әскери өмірі туралы баяндап берді. Бас тәрбиешіге ата-аналар тарапынан да көптеген сұрақтар қойылды, соның басым көпшілігі бауыр еті балаларының амандығы болды.
Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде осы сәтті тағатсыздана күтіп Ақмола өңірінің 50-ге жуық сарбазы отырды. Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Мұхаметқали Сатовтың ата-аналармен құрған әңгімесін ұйып тыңдаған жас сарбаздар, тікелей байланыстан бірі анасын, бірі аға-әпкелерін көріп көзайым боп жатты. Әсіресе, бұл күні Мұхаметқали Құсайынұлы қызмет барысында көзге түсіп ерекшеленген сарбаздардың ата-аналарын арнайы грамоталармен марапаттады. Өз ата-аналарының марапатталғанын көрген жауынгерлердің қуанышында шек болмай, ду қол шапалақпен қошеметтеп отырды.
Осылайша жалғасқан іс-шара барысы келесі әскери бөлімдерге ауысты.
Айта кетейік, аталған іс-шара Қазақстан Қарулы Күштері бойынша Ұлттық ұлан әскерінде тұңғыш рет қолға алынып, 29 шілде күні Қостанай өңірінен шақырылған жас сарбаздар ата-аналары, туған-туыстарымен байланысқа шыққан болатын. Тәжірибеден сәтті өткен іс-шара бүгінде жалғасын тауып, алдағы уақытта да Қазақстан аумағының барлық өңірлерімен осындай байланыс орнату көзделуде.

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше