Рио-де-Жанейроға Олимпиадаға барған Қытай делегациясы баукеспелердің шабуылына жиі ұшырауда. Бірнеше күн ішінде қытайлық спортшылар, БАҚ өкілдері, басқа да делегация мүшелері ұрыларға жем болыпты.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, қытайлық журналистердің қымбат аппаратуралары қолды болған. Семсерлесушілер мен садақшылары спорт жабдықтарынан, ақшаларынан және несие карталарынан айырылып қалыпты.
Осы келеңсіздікке байланысты «Рио-2016» ұйымдастыру комитетінің өкілі Марио Андрада олардан кешірім сұрап, жоғалтқан заттарын тезірек табуға тырысатындарын айтты. Сондай-ақ, Марио Андрада басқа да спортшылар мен қонақтарды сақтанып жүруге шақырып, қымбат заттарын сөмкелерінен шығармауға кеңес берді.
Нұртөре САМАРҚАН

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше