kfb.kz[/caption]
Рио-де Жанейро қаласындағы Олимпиялық ойындарда бокстан өтетін жарыстардың жеребесі тартылды. Бұл туралы «Егеменнің» арнаулы тілшісі Бақтияр Тайжан хабарлады.
Ең жеңіл салмақта, яғни, 49 килода Біржан Жақыпов жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол Матиас Намуниела (Намибия) мен Руфат Хусеинов (Әзербайжан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Келесі 52 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев бірінші айналымда Пуэрто-Рико боксшысы Хавьер Кинтронмен қолғап түйістіреді. Егер оны жеңсе 2015 жылғы әлем чемпионы әзербайжандық Элвин Мамишзадемен шаршы алаңға шығады.
56 кило салмақта Қайрат Ералиев әзербайжандық Жавид Чалабиевпен кездеседі. Ералиев 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында осы боксшыдан жеңілген. Ал әзербайжандық спортшы финалда қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанған.
60 килода Берік Әбдірахманов алғашқы айналымда америкалық Карлос Вальдераспен кездеседі.
64 кило салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов бірінші кездесуінде британиялық Пэт Маккормакпен жұдырықтасады. Оны жеңсе, кубалық Иаснэль Толедомен күш сынасады.
69 кило салмақта Данияр Елеусінов жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы Джош Келли (Ұлыбритания) мен Уалид Мохаммад (Египет) арасындағы жекпе-жекте анықталады.
75 килода Жәнібек Әлімханұлы алғашқы айналымда британиялық Энтони Фоулермен кездеседі.
81 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Әділбек Ниязымбетов жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол Валентино Манфредонио (Италия) мен Михаил Долголевецтің (Беларусь) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен айқасады.
91 кило салмақта Василий Левит екінші айналымда қытайлық Ю Фенкаймен кездеседі.
91 килодан аса салмақтағы Иван Дычконың да алғашқы жекпе-жегі екінші айналымнан басталады. Оның қарсыласы Магомедрасул Меджидов (Әзербайжан) пен Мохамед Арджоуи (Марокко) арасындағы кездесуде анықталады. Дычко 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының финалында Меджидовтан нокдаунмен жеңілгенін білесіздер.
Жалпы, боксшылардың көбісіне жеребе жолдас болды. Әсіресе, команда капитаны Данияр Елеусіновтің жолы ашылып тұр. Тіл көзден аман болса, Данияр финалға жетуі мүмкін. Ал Абылайхан Жүсіпов пен Иван Дычкоға жеребе жолдас болды деп айта алмаймыз.
Әйелдер құрамасының да жолы жеңіл болып тұр. Олимпиадаға екі спортшымыз қатысады. Оның бірі 51 кило салмақтағы Жайна Шекербекова болса, екіншісі 75 килода қолғап түйістіріп жүрген Дариға Шәкімова.
Жайна Шекербекова жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол марокколық Захра Ез-Захрауи мен франциялық Сара Оурахмон арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Дариға Шәкімова бірінші айналымда 2008 жылғы әлем чемпионы канадалық Ариана Фортинмен қолғап түйістіреді.
Дастан КЕНЖАЛИН

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше