05 Тамыз, 2016

Жетісуда алюминий профилдері өндірілуде

295 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
05.08.2016 Alumini-1 Заман талабына сай жас буын өкілдерінің шет елдерге барып білім алып, елге оралысымен, отандық өнім өндіруді жедел жүзеге асыра бастағаны қуантады. Бұл үрдіс Жетісу жерінде де жылдам жүзеге асырылып жатыр. Ең бастысы, сапаға баса назар аударылады. «Осы серіктестіктің бизнес-жобасын 2013 жылы өзім жасап, араға екі жыл уақыт салып, зауытты іске қосу мүмкіндігіне ие болдық. Сол уақыттан бері өндіріс орны тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда 120 адам еңбек етеді. Қажетті шикізатты Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытынан аламыз. Кәдімгі кірпіш іспетті әрқайсысы 20-50 килолық      құрғақ «шушка» деп аталатын шикізатты алып, балқытып, билет деген қосындыны қосамыз. Диаметрі - 203 мм. және 152 мм., ұзындығы – 6 метр. Павлодардан келген шикізаттың ішіндегі магний мен марганецті еріту арқылы бөлеміз. Химиялық құрамы еуропалық стандарт бойынша 6063,6463,6060 болады. Жалпы, біздің сала өндірісінде алюминий профилин өндіру арқылы анодты оксид деген жаңа технологиямен түсін өзгертеміз. Сонда біздің өнім барлық талап бойынша еуропалық стандартқа сәйкес келіп отыр. Экологиялық тұрғыдан тексергенде, пластикте зиян бар екендігі, ал алюминийде жоқтығы анықталған. Бүгінде Еуропа мемлекеттерінде алюминийді қайта өңдеу тәсілі бар. Мысалы, өндіріс орындарында жасалынған алюминий өнімдері талапқа сәйкес келмей жатса, сол өнімді қайта өңдеп балқытуға болады» деді Aluminium of Kazakhstan ЖШС бас директоры Нұрсұлтан Жұмабек. Негізі, индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында арнайы ұйымдастырылған телекөпірде Елбасының рұқсатымен «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін шығару зауыты іске қосылғаны мәлім. Қазіргі уақытта бұл өндіріс орны HOFFMANN Aluminium сауда таңбасымен жоғары технологиямен толық кезеңді алюминий профильдерін өндіруші зауыт болып табылады. Алюминий профильдерін шығару зауыты құю цехы, 1540 және 2400 тонналық баспалдақтан, оған қоса ұнтақты бояу мен анодтау тізбегінен құрылған. Жалпы аумағы 14 000 шаршы метр.  Зауыттың технологиялық үрдісі бастапқы кезеңдегі алюминийді қайта өңдеу жолымен 1000-нан аса түрлі алюминий профилдерін еуропалық стандартқа сай шығарады. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 16400 тонна. Зауыт қызметкерлері Түркия мен Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби инженер-технолог мамандарынан құралған. Зауыт іске қосылғанын бері 1500 тоннаға жуық алюминий бұйымдарын өндірді. 05.08.2016 Alumini 05.08.2016 Alumini-2   Нұрбол ӘЛДІБАЕВ