05 Тамыз, 2016

«Егеменге» Жапонияның жаңа елшісі келді

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ERA_8368+ Бүгін «Егемен Қазақстан» газетіне Жапонияның Қазақстандағы елшісі қызметіне жаңадан тағайындалып жатқан Ичиро Кавабата келіп, басылым басшылығымен кездесті. Алдағы уақытта сенім грамотасын тапсырғаннан кейін өзінің басты міндеті екі елдің ынтымақтастығын одан әрі кеңейту болатынын атап өткен И.Кавабата мырза «Егемен Қазақстан» газетімен арадағы ақпараттық байланысты дамытуға ерекше ден қоятынын айтты. «Мен сіздің елге енді келгендіктен, қазақ тілін үйренуді бастадым. Болашақта сіздермен қазақша сөйлескім келеді», – дейді дипломат. Кездесу барысында екі елдің ірі бұқаралық ақпарат құралдары арасында әріптестік байланыс орнату, біліктілікті арттыру мақсатымен тәжірибе алмасу мәселелері де талқыланды. ERA_8438+   «Егемен ақпарат»