06 Тамыз, 2016

Интернаттың баласы...

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06.08.16-olimpiada «Егемен Қазақ­стан» газетінде жарияланған (22 шілде, 2016 жыл) Айнаш Есалидің «Ин­тернаттың бала­сы...» атты мақа­ласына орай Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы ардагерлерінің пікірлері төмендегідей. «Форт-Шевченко қаласының ар­дагерлері «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Интернаттың баласы»... атты мақаладағы республикалық мектеп мәртебесінің сақталуын мақұлдап, толықтай қолдайды және тілеулестігін білдіреді. 1972 жылы негізі қаланған О.Жәутіков атындағы республикалық дарынды бала­ларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты – «Үздік олимпиадалық команда» номинациясын 10 жыл қатарынан иеленіп келе жатқан «Үздік олимпиадалық мектеп» ретінде мойындалған ұжым. Қазақ­станды дамытудың Ұлт Жоспарына сәйкес жоғарыда аталған республикалық мектеп-интернаттарды сақтап қалу ғана емес, қайта олардың аясын кеңітіп, кемел дамудың жолына салу міндеті тұр. Бұл жағдайды айтуға себеп – республикамыздың қазіргі күні де әр аймағында қабілетті, аты аталған түлектерден асып түспесе, кем түспейтін қаншама дарын иелері баршылық. Бұл мектеп-интернаттардың кемелді келешегіне әлі де талай таланттардың тағдыры бай­ланған. Кезінде осы республикалық мек­теп-интернаттардың жолын «онда тек Алматы қаласының балалары оқиды» деген жалған ақпараттар арқылы кес­пек болған жағдайлар да кездесті. Аталмыш мектептерде республиканың әр түкпірінен келген балалар да, ауыл балалары да оқып жатыр. Сол Алматының баласы да қазақтың баласы, ауылдың баласы да қазақтың баласы... Боқан ТАҢҒҰЛОВ, Форт-Шевченко қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы, Түпқараған ауданының «Құрметті азаматы»