7 қыркүйек күні елордадағы «Астана Опера» театрының Камералық залында ІV концерт маусымының ашылу салтанаты өтеді. Кеш белгілі қазақстандық музыкант Эльдар Сапараевтың жетекшілігімен және Камералық оркестрдің қатысуымен өтеді.
Камералық залдың жетекшісі әрі концерттің жүргізушісі, музыкатанушы Маржан Жәкенованың айтуынша, жаңа маусымның концерті тосын сыйлар мен қызықты бағдарламаларға толы болмақ. «Алдағы концерт маусымында «Астана Операның» жұлдыздары, яғни операның жетекші солистері, талантты аспапшылар, сондай-ақ, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, әйгілі «Мәскеу шеберлері» камералық оркестрінің бірінші скрипкашысы Алексей Лундин, австриялық пианиношы Штефан Матиас Ладеман, башқұрт виолончельші Рүстем Хабибуллин секілді шеберлер өнер көрсетпек. Біздің жас көрермендерімізді де әр жексенбі сайын өтетін тұсаукесерлер мен тартымды концерттер күтіп тұр», – деді Маржан Жәкенова бұл турасында.
Ашылу салтанатында көрермен әр кезеңнің, мәселен, барокко, классицизм және романтизм дәуірлеріндегі ұлы композиторлардың музыкалық шығармаларынан сусындайтын болады. Көрермен назарына В.А.Моцарттың, И.С.Бахтың, Ф.Шуберттің тамаша туындылары ұсынылады.
Концертке дирижерлік ететін Эльдар Сапараев қазақстандық көрермен үшін шебер виолончельші ретінде жақсы таныс, демек, бұл оның дирижер ретіндегі алғашқы дебюті болмақ. Бүгінгі күнге дейін Эльдар Сапараев Швейцария, Хорватия, Италия және Германия секілді елдерде өткен бірнеше халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып үлгерген.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ

Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42
Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Цифрландыру дәуірінде балалардың көзін қалай қорғауға болады?
Балалар • Бүгін, 09:17
Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Саясат • Бүгін, 09:00
Көлік саласындағы келелі істер
Саясат • Бүгін, 08:55
Пікір • Бүгін, 08:50
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Экономика • Бүгін, 08:45
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономика • Бүгін, 08:40
Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау
Экономика • Бүгін, 08:35
Ғалымдар мәртебесі айқындалады
Үкімет • Бүгін, 08:32
Руханият • Бүгін, 08:30
Текті әулеттен шыққан өр тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:25