2016 жылғы 8 тамызда Бангкок қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Таиланд Корольдігінің «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұлттық секция Комиссары, Таиландтың Энергетика министрлігінің тұрақты хатшысы Ареепонг Бхоочаооммен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Атқарушы хатшысы Шамшад Ахтармен, сонымен қатар, іскерлік топтармен және жетекші БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар Таиландтың «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын талқылады. Р. Жошыбаев халықаралық қатысушыларды тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс пен «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы туралы баяндады. Өз кезегінде, А. Бхончаоом мырза ауқымды шараға Таиландтың қатысуын растап, бұл ел халықаралық көрме аясында «жасыл» экономика мен жаңартылатын энергия саласындағы ең үздік әзірленімдерін ұсынуды көздеп отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар, қос тарап Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдық белесінде ЭКСПО алаңының жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстар мен қатынастарға қосымша серпін беретініне сенім білдірді. Бұл тұрғыда, Таиланд королі отбасы мүшесінің «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Таиланд Ұлттық күнін өткізу аясында Астанаға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Таиланд секциясының комиссары А. Бхончаоомның биылғы жылдың 19 тамызында Астанаға Таиландтың «ЭКСПО-2017» көрмесіне Қатысу шартына қол қою мақсатында сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Бүгінде Таиланд 2021 жылға дейін жаңартылатын және балама энергия көздерінің жалпы тұтынудағы үлесін 25 пайызға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл елдің биомассаны дамыту мен пайдалануда мол тәжірибесі болғандықтан, ол биомассаны энергияға айналдыру бойынша Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі жетекші орынды сақтап қалуды көздеп отырған бірден-бір мемлекет.
Сонымен, Таиланд «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуды ресми түрде растаған 96-шы мемлекет болып тұр.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ

Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10