Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) бастамасымен Моңғолиядағы көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінде басталған археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл – Моңғолия Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Тарих және археология институтымен бірлесіп жүзеге асқан жоба.
Шілде айының басында TWESCO басшылығындағы жоба аясында белгілі моңғол археологы Д.Цэвэндорж бен қазақстандық түркітанушы-ғалым Н.Бәзілханның жетекшілігімен басталған қазба жұмыстары бүгінде Шивээт улаанның негізгі алаңында жүріп жатыр. Мәңгітас тұрған тұғырдың орны мен кешеннің екі босағасының алаңы да қазылды. Археологтардың жұмысы нәтижесіз емес. Атап айтқанда, көне түркілердің мүсіндері табылды. Бұдан бөлек, үйінді тастардан аршылып, кешеннің құрылымы, іргетасы, іргетасының пішіні мен көлемі анықталып отыр.
Осы және өзге де жаңалықтар Академияның ұйымдастыруымен 24 тамыз күні «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінде өтетін «Ұлы Дала көшпелілері: тарихи-мәдени үндестіктер» атты ІІ түркі-моңғол археологтарының дала семинарында кеңірек таныстырылатын болады. Бұл дала семинары Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Түркия ғалымдары мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен 2016 жылғы 20-27 тамызда өтетін «Тәңіртаудан Өтүкенге дейін: Ұлы Дала көшпенділерінің тарихи-мәдени қазыналары» атты халықаралық экспедиция аясында ұйымдастырылады.
Назарларыңызға кешеннің құрылымын анықтау кезінде түсірілген мына бір сурет ұсынылып отыр.
«Егемен-ақпарат»

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55