Ақтөбе облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасының кітапханашылары «Рио-2016» Олимпиадасына қатысушыларға өз тілектерін білдірді.
Қашанда ел мақтаныштарын өзгелерге насихаттауда үлкен шаруа атқарып жүретін кітапханашылар бұл жолы да қарап қалған жоқ. Мектеп оқушылары жазғы демалыста болғандықтан, балаларды жинап, іс-шара өткізу оңай емес. Соған қарамастан, облыстық балалар кітапханасының кітапханашылары журнал-кроссинг ұйымдастырып, саябақта кешкілік демалып отырған қала тұрғындары мен қонақтарға спортшыларымыз туралы мәліметтер мен олар туралы жазылған басылымдар таратты. Көзі нашар көретін қарттарға Олимпиадаға қатысушы жастар туралы жазылған мәліметтер мен ақпараттарды оқып берді.
Олар, сондай-ақ, «Рио-2016» Олимпиадасына қатысушыларға жалынды сәлем жолдады. «Рио-2016 Олимпиадасына қатысушыларға сәлем!» деп жазылған плакатты алып, саябақтар мен қала тұрғындары жиі жүретін көшелерді аралады.
– Бүгінде аналарымыз тақымын қысып, әкелеріміз намысын қайрап отырған шығар. Ұлт абыройын қорғайтын әрбір қазақ спортшысы үшін бәріміз де жауапты екенімізді сезінуіміз керек. Сол себепті біздің ұжым кітапханаға келген әрбір оқырманға, көшедегі қарапайым халыққа спортшыларымыз үшін жанкүйер болудың маңызы туралы үнемі айтып отырады, – дейді кітапхана директоры Гүлжайнар Қалдина.
Жаз мезгілін кітапханашылар толық қазақ спортына арнап отыр. Олар Олимпиада басталғанша лагерьлер мен балабақшаларда, спорт мектептері мен үйірмелерде балалар арасында спорттық жарыстар өткізіп келді. Жеңімпаз болған балалардың кеудесіне медаль тағып, болашақта мықты спортшы болуға үндеді.
Айнұр НЕРМИЕВА
АҚТӨБЕ

Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10