11 Тамыз, 2016

Кері байланыс көңіл өсірді

317 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
DSC06920«Жауынгерлік жанұядай ұйысқан Ұлттық ұлан – елі мен халқына қорған!» атты акция аясында әскери-патриоттық бағыттағы көптеген іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі – Ұлттық ұлан басшылығы мен әскери бөлім жетекшілерінің сарбаз ата-аналарымен кездесуі және оларға балаларының әскери борышын қандай жағдайда өткеріп жатқандығын өз көздерімен көруге жасалған мүмкіндік дер едік. Еліміздің күш құрылымдарында тұңғыш рет өткізіліп отырған тағылымдық шара Көкшетаудағы №5510 әскери бөлімінен бастау алды. Ұлттық ұлан бас қолбасшы­сының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөнін­дегі орынбасары генерал-майор Мұха­метқали Сатов 300-ден ас­там ата-ана қатысқан кездесуде сөз сөй­леп, сарбаздардың жауын­гер­лік қызметі мен атқаратын мін­­деттері жайлы түсіндіріп, көп­­шіліктің көкейінде жүрген сауал­дарына жауап береді. Сон­дай-ақ, қонақтардың назарына балаларының сәлемдемесі жол­данған бейнежазбалар ұсы­ны­лып, перзенттері қызмет атқа­рып жатқан әскери бөлімнен ті­ке­лей байланыста хабарласуға мүм­кіндік туды. Тағы бір айта кетер­лігі, шарада Ұлттық ұлан­ның әскери бөлімдеріндегі Әйелдер кеңесінің құрылғаны мәлім болды. Ендігі жерде ата-аналар ұл­дары­ның қызметі қалай өтіп жат­­қанын білу үшін тікелей бай­ланысқа шыға алады. Айта кетерлігі, соңғы екі ша­қы­рылымда Ақмола облысының 714 азаматы Ұлттық ұлан қатарын толықтырған екен. Бүгінгі күні олар республикамыздың əртүрлі аймағындағы он əскери бөлімде міндетін адал орындауда. Кез­десу­ге жиналғандар еліміздің бас­қа өңірлерінде парызын өтеп жүрген балаларымен онлайн-режімінде байланысқа шықты. Алтын алқалы әжей Рым­жан Жолдыбаева Қарағандыда қыз­мет атқарып жүрген немересі Мақ­­сатпен тілдесіп мәре-сәре бол­­ды. Көкшетаулық Биғаш Ев­чен­ко Алматыдағы 5571 әске­р­и бөліміндегі ұлы Серіктің хал-жағдайын біліп, ыстық ықы­ласты сәлемін жолдап жатты. Көк­шетау қаласының тұрғыны Бақытгүл Бикенова  Павлодар қа­ла­сында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Дәурен баласымен қауышқандай болып, көзі­не жас алды. Ал Бек дейтін азамат інісі Қуаныш Қайратұлының 5506 әскери бөліміне алынғандығын, бірақ, одан бір ай бойы хабар жоқ­тығын айтқан болатын. Бұл өтініш бойынша қолма-қол байланыс ор­натылды. Қуаныш дін аман, қыз­ме­тін ойдағыдай атқарып жүр екен. Әрине, тікелей байланысқа дәл осы сәтте әскери қызметтен бос сар­баз­дардың қатысқандығы белгілі. Көкшетаудағы әскери бөлім­де әскери және арнайы тех­ни­ка­лардың көрмесі ұйым­дас­тырылып, сарбаздардың қызмет біліктілігі көрсетілді. Ата-аналар асхананың, казармалардың, кітапхананың, тіпті, лазареттің жұмысымен танысып, қолайлы жағдайлар жасалғандығына ризашылығын айтты. Біз «АГС-17» қаруын қолына ұстап тұрған Әділ Тәшімді сөзге тарттық. Ол биыл орта мектепті бітірген екен. Ағасы Бақтияр Ал­маты облысындағы Ұлттық ұлан­ның Қаракемер әскери бөлімінде өз борышын өтеп жүр екен. Кү­рестен спорт шебері атағы бар ол да Ұлттық ұланда қызмет еткісі келетіндігін білдірді. Әскери өмірде сарбаздардың ата-аналарына жолданатын ең баға­лы марапат – «Елге хат» алғысы. Бас қолбасшының орынбасары бұл жолы 19 отбасының өкіліне осындай ілтипат хатын тапсырды. Кездесу соңында ата-аналар­дың сұрақтарына «Орталық» аймақтық қолбасшысының орын­­басары полковник Мұрат Ати­беев, Ақмола олыстық ІІД бас­тығының орынбасары Бейбіт Әділ­ханов, қорғаныс істері депар­та­менті бастығының орынбасары Еркеш Бекбаев, Петропавл гар­низонының аға прокуроры Абы­лай Игембаев тиянақты жауаптар қайтарып, тиісті кеңестер берді. Сол күні Қазақстан Рес­пуб­лика­сы Ұлттық ұланы қолбас­шысының орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов «Достық» үйінде Ұлттық ұлан бір жанұя. Біз халқымызды қорғай­мыз!» атты ерлік сабағын өткіз­ді. Аталмыш шараға Көкшетау қаласы əкімдігінің өкілдері, құ­қық қорғау органдарының қыз­­мет­керлері, №5510 əскери бөлі­­мі­нің ардагерлері мен жеке құрамы қатысты. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы