Мемлекет басшысы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы жеңістеріне байланысты Ниджат Рагимов пен Дмитрий Баландинге құттықтау жеделхаттарын жолдады
Akorda.kz-тің хабарлауынша, Қазақстан Президенті ауыр атлетика сайысында алтын медаль иеленген Ниджат Рагимовты құттықтады.
«Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын сайыста мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиялық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Дмитрий Баландинді суға жүзу сайыстарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.
«Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті спортшының келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.
Айдар ӨРІСБАЕВ

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше