Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау үшін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.
Pm.kz-тің хабарлауынша, Кәрім Мәсімовтің жұмыс сапары бағдарламасында аймақтың еңбек ұжымдарымен және қоғам өкілдерімен кездесуі, инфрақұрылымдық нысандарды, аграрлық-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын аралауы көзделген.
Үкімет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автожолдарын қайта жөндеу барысын бағалайтын болады.
Аймақтың және жалпы еліміздің көлік-логистикалық жобаларының стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарының жай-күйі туралы кеңес өткізеді.
Сонымен қатар, Премьер-Министр аграрлық-өнеркәсіптік кешен өкілдерімен тамақ өңдеу өнеркәсібінің өзекті бағыттарын талқылап, «Кублей» қалбырларын шығаратын кәсіпорынға барады.
Газ саласының өзекті мәселелері мен даму перспективаларын компаниялардың, мемлекеттік органдар мен салалық құрылымдардың басшыларымен кездесу барысында талқылау жоспарлануда.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 11 Тамыз, 2016
Премьер-Министр жұмыс сапарымен Батыс Қазақстанға барды

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше