Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір автожолдарының жағдайымен танысты.
Pm.kz-тің мәліметінше, Үкімет басшысына тұтастай алғанда, облыс автожолдарының жағдайы және «Орал – Тасқала – Ресей Федерациясы шекарасы» автожолын қайта жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндалды.
Аймақты Ресей Федерациясының Саратов облысымен байланыстыратын аталған автожолды қайта жөндеу жобасы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайды, қайта жөндеу жұмыстары 2015 жылдың шілде айында басталған, оны 2018 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.
Осы жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 800 шақырымға жуық жаңа автожол төсемін пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Бейнеу – Ақтау», «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай – Талдықорған» және «Астана – Петропавл» жобаларын толығымен аяқтау қарастырылған. 2020 жылға дейін 7 000 шақырым автожол құрылысы аяқталады деп жоспарланған.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 11 Тамыз, 2016
Үкімет басшысы Батыс Қазақстанда жол жағдайымен танысты

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше