Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов азық-түлікті қайта өңдеуге мамандандырылған «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысты.
Pm.kz-тің мәліметі бойынша, серіктестік директоры Талғат Беркешев Үкімет басшысына кәсіпорынның жыл сайын 75 мыңға жуық ет, 37,5 мың балық және көкөніс қалбырын шығаратынын, өнімнің шамамен 10 пайызы Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Ресейге экспортталатынын баяндады.
Қазіргі таңда кәсіпорын 10 мың тонна ет өңдеуге қауқарлы мал соятын цехы бар ет өңдеу кешенін пайдалануға беруге дайындап жатыр. Ол кәсіпорынның шикізат қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және 100-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кешенді 2016 жылдың екінші жартысында іске қосу жоспарланған.
Ауыл шаруашылығын өңдеу және азық-түлік өндірісі индустрияландырудың екінші бесжылдығының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жоғары технологиялы өндірістерді дамыту ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Индустрияландырудың екінші бесжылдығының басым секторлары ретінде алты сала анықталды: мұнай өңдеу және металлургия кешені, азық-түлік және химия өнеркәсібі, өнеркәсіп жабдықтары және құрылыс материалдары өндірісі.
Айдар ӨРІСБАЕВ

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше