15 Ақпан, 2011

Мектеп директоры үлгі көрсетті

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Арман Мырзамсейiтов №11 орта мек­тептiң 5 «Е» сыны­бында оқиды. Бiр аңғарғаным, өткен жыл­дың қазан айынан бастап Арман сабақ­қа жиi кешiгiп келетiн бол­ды. Ол­пы-солпы киiнiп, кө­ңiл­сiз жүруi де көңiлге алаңдау­шы­лық туғыз­ды. Содан соң баламен жеке әңгiме­лестiм. Ол өзiнiң отба­сы жағдайын баяндап бердi. Ана­сы Айгүл об­лыс­тық онко­логиялық емханада жатыр екен. Зубенко көшесiнде анасы екеуi ғана пәтер жалдап тұрады, үй салқын – осы­ның бәрiн Арман жасырмай айтты. Бұдан соң сынып жетекшiсi Жа­­зира Сәрсенбаева екеумiз ақыл­дасып, баланы мектеп-ин­тер­натқа орналастыруды өтiнiп, қалалық бiлiм бөлiмiне сұраныс жiбердiк. Алайда күн суытқан сайын Арман­ның қиын жағдайы бiздi алаңдата түстi. Сөйтiп, сынып жетекшiсi екеумiз мектеп директоры Батыр­бек Әбиевке Арманның мән-жа­йын мағлұм еттiк. 11 жасар бала­ның басына түскен тауқыметiн ол бiлген соң, Арманмен сөйлесiп, «Сен бiз­дiң үйде тұр» деп ұсыныс жасады. Келесi күнi Арман мектепке жайдары жүзбен келдi. Ол «Анам директор ағайдың үйiнде тұруға рұқ­сат бердi, мен ендi сабақты жақ­­сы оқуға уәде бере­мiн» деп сы­нып жетекшiсiне қуанышын жеткiздi. Қазiр мектеп директорының үйiнде тұрып жатқан Арманның жүзiнен қуаныш нұры еседi. Мектеп формасы үстiнде, өзге де қыс­тық киiмдерi жаңарған. Бала тұр­мысының түзелуiне мектеп бас­шы­­сының осылай қолұшын бер­генi бiздердi де қуантып отыр. Гауһар ДАЙРАБАЕВА, педагог-психолог. Қызылорда.