Рио де Жанейродағы жазғы Олимпиаданың жабылуына орай, Астанада Спорт күні атап өтіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған бұл шара барысында спорттың 21 түрінен жарыс, соның ішінде түрлі қойылымдар, шеберлік дәрістері ұйымдастырылады.
Спорт мерекесін 12 тамызда «Думан» ойын-сауық орталығында өтетін көркем гимнастика жарысы бастайды.
19 тамызда «Ғашықтар» саябағында гир көтеру, армрестлинг, асық атудан бұқаралық спорт жарысы өтеді. Келушілер таэквондо, киокушинкай-кан каратэ, бодибилдинг және ауыр атлетикадан шеберлік дәрістеріне қатыса алады. Сонымен қатар «Astana mall» сауда ойын-сауық орталығында Ресей Федерациясына танымал биші С.Беляев спорттық би билеуді үйретеді. Жалпы, спорт кешендерінде өткізілетін жарыстарда 4 мыңға жуық адам бағын сынамақ.
Мереке аясында еңбек ұжымдарының арасында футбол жарыстары мен жолдастық матчтар өткізіледі.
20 тамызда «Балалар спортынан олимпиадалық шыңға дейін» акциясы шаңғы-роллерлік трассаның жанында өткізіледі, оған 200 адам қатысады деп күтілуде.
21 тамызда спорт мерекесі - «Дәулет» спорт комбинаты мен «Алау» мұзайдыны сарайында жалғасады. Алаупиада, «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» ұранымен отбасылық жарыстар ұйымдастырылады. Спорттық жарыстарға белсене қатысып, бақ сынап, бәйгеге түсіп көріңіз!
Айман МҰҚЫШОВА

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше