Астанадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтті. Осы жолғы шара білім беру саласына арналды. Аталған шара қатысқан 50-ге жуық жұмыс беруші - балабақшалар, мектептер мен колледждер өз вакансияларын ұсынды.
Бүгінде астаналық білім беру мекемелері педагог мамандардан бастап көше сыпырушыға дейін адам іздеп жатыр. Соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілерге сұраныс жоғары болып тұр. Бұдан бөлек, псиxолог, денешынықтыру, xимия, биология, тариx, математика, физика, алғашқы әскери дайындық мұғалімі, тәрбиешінің көмекшісі, логопед, ағылшын тілі, орыс тілі мен қазақ тілі мұғалімдерінің бос орындары бар. Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс берушілерідің ішінде Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебі де болды. Аталған білім беру мекемесі де пән мұғалімдерін іздеп жатыр.
Жұмыспен қамту орталығының басшысы Олжас Омардың айтуынша, алдағы уақытта тағы үш жәрмеңке өткізу көзделген. Бұған дейін бос жұмыс орындарының 8 жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Соның қорытындысы бойынша 312 адам жұмыс тапты. Демек, әрбір жәрмеңке сайын 39 адам жұмысқа тұрып жатыр.
«Жаңа оқу жылы қарсаңында біз кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесін білім беру саласына арнауды ұйғардық. Жалпы, биыл 12 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Бұл – тоғызыншы шара. Алдағы уақытта қалған үш жәрмеңке ұйымдастырылады»,-дейді О.Омар.
Арман Асқар

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше