Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты Нижат Рахимовқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы ауыр атлетика сайысында алтын медаль иеленген Н.Рахимовты құттықтады.
«Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын сайыста мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальды әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі.
***
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Баландинге Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Д.Баландинді суда жүзу сайыстарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.
«Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті спортшының келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше