12 Тамыз, 2016

Мысығы барлар мұңайғыш болады

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
итFacebook қолданушылардың арасында зерттеу жүргізген америкалық ғалымдар үйінде мысығы бар адамдар басқалармен салыстырғанда мұңайғыш болатынына, жиі жабырқап жүретініне көз жеткізіпті. 1 600 адамның әлеуметтік желідегі аккаунтына талдау жасаған ғалымдардың пайымдауынша, мысық асырайтын адамдардың көпшілігі жалғызбасты болып келеді. Керісінше, үнемі көңілді жүретін, достары, туыстары көп адамдардың көбі ит асырайтын болып шыққан. – Мысық асырайтындар әлеуметтік желіде кө­ңілсіз, негативке толы жазбаларды жиі жазатынын бай­қадық. Итті жақсы көретіндердің жазбасына қа­расаңыз, олардың өздеріне сенімді, өмірге дән риза екені көрініп тұрады, – дейді зерттеушілер. Тағы бір айта кетерлігі, мысық асырайтындарды қонаққа сирек шақырады екен. Сол себепті, олар үйлерінен көп шықпайды, төрт аяқты серігін құшақтап, уақытының басым бөлігін теледидардың немесе компьютердің алдында өткізеді. Ал ит жетектегендер қонақтан да қалмайды, ешкім шақырмағанның өзінде серігін жетектеп алып өзі серуендейді. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»