7 қыркүйек күні елордадағы «Астана Опера» театрының Камералық залында ІV концерт маусымының ашылу салтанаты өтеді. Кеш белгілі қазақстандық музыкант Эльдар Сапараевтың жетекшілігімен және Камералық оркестрдің қатысуымен өтеді.
Камералық залдың жетекшісі әрі концерттің жүргізушісі, музыкатанушы Маржан Жәкенованың айтуынша, жаңа маусымның концерті тосын сыйлар мен қызықты бағдарламаларға толы болмақ. «Алдағы концерт маусымында «Астана Операның» жұлдыздары, яғни, операның жетекші солистері, талантты аспапшылар, сондай-ақ, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, әйгілі «Мәскеу шеберлері» камералық оркестрінің бірінші скрипкашысы Алексей Лундин, австриялық пианиношы Штефан Матиас Ладеман, башқұрт виолончельші Рүстем Хабибуллин секілді шеберлер өнер көрсетпек. Біздің жас көрермендерімізді де әр жексенбі сайын өтетін тұсаукесерлер мен тартымды концерттер күтіп тұр», деді Маржан Жәкенова бұл турасында.
Ашылу салтанатында көрермен әр кезеңнің, мәселен, барокко, классицизм және романтизм дәуірлеріндегі ұлы композиторлардың музыкалық шығармаларынан сусындайтын болады. Көрермен назарына В.А.Моцарттың, И.С.Бахтың, Ф.Шуберттің тамаша туындылары ұсынылады.
Концертке Эльдар Сапараев дирижерлік етеді. Эльдар Сапараев қазақстандық көрермен үшін шебер виолончельші ретінде жақсы таныс, демек, бұл оның дирижер ретіндегі алғашқы дебюті болмақ. Бүгінгі күнге дейін Эльдар Сапараев Швейцария, Хорватия, Италия және Германия секілді елдерде өткен бірнеше халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып үлгерген.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше