Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуда әлеуеті жоғары. Осыны ескерген облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов ауылшаруашылық саласын реформалаудың негізгі бес бағыты жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Ондағы бесінші бағыт – әрбір ауданды әлеуеті мен климаттық ерекшеліктеріне қарай дамыту. Яғни, Созақ пен Бәйдібек аудандарының мал шаруашылығы саласын ілгерілету.
Бүгінде аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында Созақ ауданында бірқатар келіссөздер жүргізіліп, жаңа жобалар жүзеге асуда. Мәселен, аудан әкімдігі мен уран өндіретін француздық «Арева» компаниясы және қазақ-француз «Катко» БК-мен бірлескен асыл тұқымды мал өсіру, бордақылау және мал өнімдерін өңдейтін «Соз-Агро» корпоративтік қоры құрылды. Құрылтайшысы «Арева НС-Катко-Демеу» болып табылатын корпоративтік қор бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданның ауыл шаруашылығы саласына 400 млн. теңге инвестиция құйып отыр. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбубәкір Сахиұлының айтуынша, аталған корпоративке 300 бас асыл тұқымды ірі қара мен 15 бас асыл тұқымды бұқа алынбақ.
«Бүгінде кешеннен мал өрісіне жер бөлініп, мал басын алуға 50 млн. теңге, ал кешен құрылысына 268 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Және ауыл шаруашылығына қажетті техникаларға 82 млн. теңге қаржы жұмсалып, жалпы 50 адам жұмыспен қамтылатын болады», деді Әбубәкір Сахиұлы.
Сондай-ақ, «Соз-Агро» корпоративтік қоры алдағы уақытта Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарымен бірлесе отырып, аудан көлемінде ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр.
Эльмира АБДЕЕВА
Оңтүстік Қазақстан облысы

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше