Шетелдік бір топ ғалымдар 2014-2015 жылдарығы көрсеткіштері бойынша, әлемдегі халықтың тұрмыс деңгейі мен экономикалық өсуі жоғары әлемдегі ең бай 10 мемлекетті анықтап шығарды. Енді сол мемлекеттер шоғырымен таныс болыңыздар
Катар. Ғалымдардың зерттеуінше, Катар елі әлемдегі ең бай мемлекеттердің көшін бастаған. Бұл елдің жер көлемі шағын болса да, халқының тұрмыс деңгейі өте жоғары. Жер шарында мұнайды көп өндіретін осы ел екен. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 145 мың доллардан асады.
Люксембург – Еуропа елдері бойынша ішкі жалпы өнімі өте жоғары мемлекет. Халықтың өмір сүру деңгейі жақсы. Мұндағы әрбір тұрғынның жылдық табысы 90 332 АҚШ долларын құрайды.
Сингапур. Зерттеушілер бұл қала-мемлекетті ең бай елдердің үштігіне еңгізген. Өйткені, ол Азиядағы ішкі экономикалық нарығы дамыған елдердің көшін бастап келеді. Сингапурлықтардың жылдық табысы – 78 761 доллар.
Ирландия – Еуропадағы экономикасы дамыған елдердің екінші сатысында тұр. Ол әлем бойынша 4 орынға табан тіреді. Мұндағы тұрғынның ішкі табысы 45 мың доллардан асып түседі.
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі халықтың жылдық табысы 63 180 долларды құрағанымен, оған 5-сатысы берілген. БАӘ негізгі экономикалық табысы мұнай өндіру болып табылады.
АҚШ. Зерттеушілер бұл елге 6 орынды белгілепті. Олардың пікірінше, халықтың жалақысы мен зейнет ақысы өте жоғары мөлшерде. Тұрғындардың табысы – 53 мың доллар.
Кувейт. Араб елдерінің ішінде мұнай қоры ең бай мемлекет болғандықтан, халықтың жылдың табысы – 70 785 доллар. Соған қарамастан Кувейт тізімнің 7 сатысында орналасыпты.
Нидерланд – Еуропадағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Мұндағы халықтың жан басына шаққандағы табысы 40 мың АҚШ долларын құрайды.
Австрия. Бұл елдің халқы жылына 40 мың долларға тең табыс табады. Сондықтан да Австрия үздік 10 елдің тізімінде тұр.
Швеция ең бай 10 елді түйіндейді. Еуропаның солтүстік-шығысында орналасқан мемлекетің халқы жылына 44 мың доллар табады.
Талғат РАЙЫМБЕК
Дерек, фото: thewebpirate.net