Бүгін Қазақстан спортшылары жарыстың бес түрінен сынға түседі. Бірінші болып жарысқа сағат 17.30-да академиялық есуден Владислав Яковлев шығады. Ол «Лагоа» стадионында өтетін финалдық бәсекеге қатысады. Одан кейін осы жерде ескек есуші Светлана Германович финалда бақ сынасады. Оның қатысатын жарысы сағат 18.00-де басталады.
18.00-де нысана көздеуден де сайыстар өтеді. Оған Юрий Юрков қатысады. Ол 50 метр қашықтықтағы нысананы жатып атудан ел намысын қорғайды.
Сағат 18.30-да жеңіл атлетикадан жарыс басталады. Онда Евгений Лабутов диск лақытрудан күш сынасады.
Сағат 22.30-да 75 килоға дейінгі салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға шығады. Ол 1/8 финалда алжирлік Ильяс Аббадимен қолғап түйістіреді.
Бүгін сондай-ақ, спорттық жүрістен жарыстар өтеді. Сағат 23.30-да жалауы көтерілетін жарысқа Георгий Шейко қатысады. Ол ерлер арасындағы 20 шақырымдық додада бақ сынасады.
Дастан КЕНЖАЛИН
Фото: egemen.kz

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше