13 Тамыз, 2016

Рио-2016: Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12.08.2016 AST Олимпиадада бокстан өтіп жатқан жарыстарға 75 килоға дейінгі салмақта қатысып жатқан Жәнібек Әлімханұлының ширек финалдағы қарсыласы белгілі болды. Ол – әзербайжан Камран Шахсуварлы. Апшерон түбегінің өкілі 1/8 финалда ресейлік Артем Чеботаревты жеңді. Камран 1990 жылы Ақтөбеде туған. Ақтөбенің бокс мектебінің түлегі. 2011 жылы Олимпиаданың күміс жүлдегері Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы болған. Қазақстанның атынан кәсіпқой боксшы ретінде бес жарысқа қатысып, соның бәрінде жеңіске жеткен. 2013 жылы Әзербайжанның азаматтығын алып, сол елге көшіп кеткен. Жәнібек Әлімханұлы мен Камран Шахсуварлының жекпе-жегі 15 тамызда өтеді. Дастан КЕНЖАЛИН 12.08.2016 камран_reswm Фото: facebook.com