Еуразиялық экономикалық одақтың Үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысу үшін Ресейдің Сочи қаласына барған Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов кеше Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.
Осы сапарының алдында К.Мәсімов ресейлік әріптесімен кездесуде Қазақстандағы жұртшылықты көптен мазалап жүрген маңызды мәселе – Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын елге қайтару жайын қозғайтынын хабарлаған еді. Премьер-Министр айтқанында тұрды. Ресей Үкіметінің Төрағасы бұл мәселені анықтап, өтінішті орындау үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты.
«Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтаймын», – деді Д.Медведев.
Кездесу барысында, сондай-ақ, Астанада өтетін XIII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты мәселелер де талқыланды. Атап айтқанда, Батыс Еуропа – Батыс Қытай секілді ірі көлік жобаларын жүзеге асыру барысы сөз болды. Жайық трансшекаралық өзеніне қатысты тақырыпқа баса назар аударылды. Қазақстан Премьер-Министрі бұл мәселе жөнінде үкіметаралық келісімге қол қоюды ұсынды.
Сонымен қатар, логистика, шекара маңы ынтымақтастығы және нақты экономика саласындағы басқа да маңызды мәселелер талқыға салынды.
«Егемен-ақпарат»

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше