Қытайдың Шалдунь провинциясында өткен арнайы фестивальда 1007 робот бір мезгілде бірдей би билеп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Роботтар биі жалғыз мобильді құрылғы арқылы басқарылған. Заманауи әуен қосылғаннан кейін жансыз темірлер бір минут билеп, адамдардың бәрі бірдей жасай алмайтын күрделі қимылдарды жасапты.
– Әуеннің ырғағынан жаңылып басқа роботтардың қимылына ілесе алмай қалғандары, тіпті, алаңда құлап қалған роботтар да болды. Рекорд әділетті болуы үшін оларды санақтан сызып тастауға тура келді. Әйтпесе, көрсеткіш бұдан да жақсырақ болар еді, – дейді шараны ұйымдастырушылар.
Билейтін роботтардың бұған дейінгі рекорды да Қытайда тіркелгенін айта кету керек. Былтыр дәл осы провинцияда өткен фестивальда 540 робот билеген. Алайда, ол роботтар басқа компанияға тиесілі екен. Яғни, биыл мыңнан астам роботты билеткен компания болса өзінің робот технологиясы нарығындағы бәсекелесінен есе қайтарыпты.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше