Қазақстанның әскери қызметшілері Эльбрус тауының шыңына шықты. Олар арнайы байқау кезінде тауға бірінші болып көтеріліп, оның ең биік шыңына еліміздің көк байрағын тікті.
Эльбрус – Еуропадағы ең биік тау болып саналады. Ресейдің Қабарда-Балқар Республикасында орналасқан қарт таудың шыңына бұған дейін де көптеген альпинистер көтерілген.
Бұл жолы байқауға Қазақстан, Ресей, Қытай мен Иранның әскерилері қатысты. Олар 10 күн бойы Кавказ аймағында болып, 105 шақырым жолды жүріп өтті. Бұл байқау сарбаздардың шыдамдылығы мен шымырлығы, жігері мен жинақылығы сыналатын алаңға айналды. Қазақстан әскерилері осы сыннан сүрінбей, таулы-тасты жерлермен жүріп, өткелдер мен өзендерден өтіп, өзге елдердің әскерилеріне өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Әскерилердің халықаралық ойындары кезінде Қазақстанның Қарулы Күштері «Десанттық взвод» байқауына да қатысты. Ресейдің Новороссийск қаласының маңындағы Раевский полигонында жалауы желбіреген жарыста жауынгерлеріміз екінші орынды иеленді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше