13 Тамыз, 2016

ӘР АЛУАН ӘЛЕМ

448 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Жасөспірімдер селфидің жазасын тартты 12-08-16-selfiҮндістанда төрт жасөспірім теңіз үстінде селфи жасамақшы болып тұрғандарында толқынға ұрынып, ашық айдынға қарай ағып кетті. Оқиға Махараштра штатында орын алған. Арабия теңізінің жағасында демалып жүрген жеті жас жігіт толқындар үстінде суретке түспекші болады. Олар шторм ұрып тұрғанына қарамастан, қайықпен суға түсіп, бірнеше кадр жасап үлгереді. Сол кезде қайыра соққан толқын олардың төртеуін теңіздің ортасына қарай ала жөнеледі. Жастары 15-19 аралығындағы бозбалалар содан әлі табылған жоқ. 12-08-16-chileЧили фермерлері 900 жылдық мумияға кезікті Чили фермерлері егіс жұмыстары кезінде бір әйел мен екі баланың қатып қалған мумиялары үстерінен шықты. Мамандардың есептеулері бойынша, олар бұдан 900 жылдан астам уақыт бұрын өмір сүргенге ұқсайды. Шаруалар жер өңдеп жүрген кездерінде көне бейітке тап келіпті. Одан керамикалық ыдыстар мен балалар ойыншықтары табылған. Археологтар оларды Колумб келгенге дейінгі Копьяпо мәдениеті кезінде тіршілік еткен адамдардың мүліктері екенін анықтаған. Бұл мәдениеттің өкілдері қазіргі заманғы Атакама аймағының аумағын 1000-1400 жыл бұрын мекен ете бастаған көрінеді. алемПушкиннің ұрпағы – әлемдегі бай адамдар қатарында Орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің британиялық болып кеткен бір ұрпағы Жер бетіндегі ең бай адамдардың қатарына қосылды. Анасы жағынан ақынның ұрпағы болып табылатын Хью Гросвенор әкесі Джераль Кавендиш Гросвенор қайтыс болғаннан кейін алған мұрасының арқасында жаһандағы ең бай 400 адамның сапынан бір-ақ шығыпты. Қазір 25 жастағы Хью Ричард Луи Гросвенор осы рейтингідегі ең жас адам. Агенттік герцог отбасының байлығын 2015 жылы 12,3 миллиард долларға бағалаған екен. Ал жас Хью Пушкиннің Наталья атты кіші қызынан шығатын ұрпақтан тарап отыр. 12-08-16-rybaАдам сияқты тісі бар балық Американың Мичиган штатындағы бір көлден астыңғы тістері адам тістерінен айнымайтын балық табылды. Балықшылар пиранийдің туысы болып табылатын пакуді қолға түсірді. Салмағы 3 футқа дейін барған балықтың тістері адамның тістерінен айнымайтын көрінеді. Жергілікті табиғи ресурстар департаменті қызметкерлерінің айтуларынша, пакуді бұрын адамдар үй жануары ретінде аквариумдерде ұстаған екен. Кейін табиғат аясына жіберілген. Бірақ тістерінің неге бұлай болып шыққанын олар түсіндіріп бере алмады. алем-1Ирланд полицейлері ұшатын тәрелкенің соңына түсті Ирландияның Гори қаласының көшелерінде полицейлер ұшатын тәрелкенің соңынан қуғын жасап көрді. Осының жолында жол күзетшілері, тіпті, дабыл белгісін де іске қосты. Осының бәрі роликтерде баяу қозғалыс режімімен көрсетілген. Тәртіп сақшылары ақыры өздері қуып жүрген нысанды тоқтата алыпты. Сөйтсе, оның тізгінінде Али Кемал Али деген жергілікті суретші отыр екен. Полицейлер тексере келе, бұл көліктің айналаға залалы жоқ екенін анықтап, жігітті босатып қоя берді. «Біз басында не болғанын білмей қалдық. Бір жағынан бұл арандату сияқты болса, екінші жағынан қызық көрінді», – деді полицейлердің бірі. 12-08-16-amfibiaҚытайда амфибияның жаңа түрі табылды Қытай экологтары жақында елдің Юньнань провинциясындағы Тэнчун уезінің аумағында орналасқан таулы қорықтан амфибияның жаңа бір түріне кезікті. Олар Leptolalax тұқымдас амфибияға табылған жердің атымен Leptolalax tengchongensis деген атау берді. Бұл жөніндегі ақпарлар Zootaxa халықаралық ғылыми журналына жарияланды. Ақпарат құралдарының мәліметтері негізінде дайындалды