13 Тамыз, 2016

Әлихан ескерткіші асқақтайды

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
алихан белгиБиыл ЮНЕСКО кө­лемінде Алаш қайрат­кері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы аталып өтілуде. Соған орай биіктігі 13 метр болатын ескерткіш жоспар бойынша, Ертістің сол жағалауында орын теппек. Бұл жөнінде Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова әңгімелеп берді. – Ескерткішті биыл орнатуды көздеп отырмыз. Келер жылы Алаш­орда қозғалысына 100 жыл толатындығы бел­гілі. Сондықтан, осы мерейтойға орай ес­керт­кішті үлкен кешенге айналдыру жос­парланған. Өйткені, Әлихан Бө­кей­хан мен Алашорданы бөліп қарауға болмайды. Әкім орынбасарының айтуынша, алдағы жылдары бой көтеретін кешен мен оның маңын абаттандыру, көркейту жұмыстары қолға алын­бақ. Сәулет ныса­нына апарар жолдар мен жа­рықтандыру мә­селелері де шешілмек. алихан ескерткишкеЕскерткіш үшін бюджеттен 24 млн. теңге қаржы қарастырылған. Ескерткіш эскизіне жарияланған респуб­ли­калық байқау биыл 22 сәуір мен 23 мамыр ара­лығында өткен болатын. Бас­қосуда ай­тылғандай, оған 4 мү­сінші 5 эскиз ұсынған. Нәтижесінде, белгілі ға­лымдар, тарихшылар мен сәулетшілерден құралған сарапшы топ белгілі мү­сінші, Қазақстан Су­ретшілер одағының мү­шесі Бақытбек Мұ­ха­­метжановтың ең­бе­гіне таңдау жасапты. Дегенмен, тарихи деректер мен сол за­ман­ғы ерекшеліктерді ес­керу маңызды. Мә­се­лен, байқауда жеңіп шыққан нобайда Алаш қайраткерінің қолында асық бар. Яғни, әзірше қағаздағы эскиз әлі де өзгеріске ұшырауы мүм­кін. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал Шәріпбаев бұл асық туралы былай деді: – Қоғам қалай қа­былдайды, халық бұ­рыс түсініп қалмас үшін, біздің де бір ойымыз бар, асықтың орнына қауырсын-қалам, кітап ұстаса жақсы болар еді. Себебі, бұл тұғыры биік тұлғаның ой-тілегі – қазақ мемлекетін құру болғаны белгілі. Сондықтан, ес­керт­кіштің мағынасы бүгінгі тәуелсіздікке сай болуы тиіс. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА СЕМЕЙ