13 Тамыз, 2016

Жас ұрпақ денсаулығы

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
жастар орталығыел болашағы үшін маңызды Білім және ғылым министрлігінің тапсы­рысы бойынша ағымдағы жылдың екінші тоқсанында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жастар арасындағы саламатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында еліміздің жастары арасында әлеуметтік сауал­нама жүргізді. Сауалнамаға Қазақстан бойын­ша 14 жастан 29 жасқа дейінгі аралықтағы 2000 респондент қатысты. Бір апта ішінде сауалнамаға қатысқан 14 жастан 18 жас аралығындағы жас­тардың 85%-ы денешынықтырумен айналыс­қандықтары анықталды. Ал 24 жастан 29 жасқа дейінгі аралықтағы жастардың 71%-ы спортпен шұғылданады. Мәдениет және спорт министрлігінің деректері бойынша, спортпен шұғылданатын жастар санының көрсеткіші жыл сайын артуда. Мысалға, 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда денешынықтырумен айналысатын адамдардың саны 3,5%-ға немесе 0,7 миллион адамға артқан. Бүгінде мектеп жасындағы балалардың 90%-на жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында денешынықтырумен жыл бойына айналысуларына мүмкіндік жасалған, 26%-на қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған. 125 жоғары оқу орнында 113 спорт клубы мен шамамен 2 мың секция қызмет көрсетеді. Еліміздің денешынықтыру мен спорт саласы жастардың саламатты өмір салтын ұстанып, физикалық белсенділіктерін арттыруға бағытталған. Арнайы жастар үшін спорт орталықтарына баруға жеңілдіктер қарастырылған, жыл сайын 40 халықаралық және республикалық шаралар өткізіледі, сонымен қатар, спорт инфрақұрылымы да екпіндеп дамуда. Қазақстандағы спорт мәдениетінің дамуының бір дәлелі ретінде еліміз спортшыларының Риода көрсетіп жатқан тамаша өнерлерін айтуға болады. Нұргүл НҰРМАҒАМБЕТ, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшысы