13 Тамыз, 2016

Сыбайластыққа сындарлы қарсылық

347 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
С.кулагин«Көкшетау» мәдениет сарайында Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев пен Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен жергілікті атқару органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне қатысты облыстық мәжіліс болып өтті. Оның жұмысына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық қауымдастық өкілдері шақырылды. Мәжілісте Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Жомарт Нұркенов сыбайлас жемқор­лық­пен күрес және оның алдын алу тақы­ры­бында баяндама жасады. Шешен атап көрсеткеніндей, өңір­де Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы страте­гиясы мен жасырын экономикамен күрес­ке бағытталған іс-шара жос­пары жүзеге асырылуда. Облыс әкім­дігінің қаулысымен бекітілген жос­пар­ға сәйкес мақсатты жұмыс­тар атқарылып жатқандығы тілге тиек етілді. Қалалар мен аудандар әкім­дік­­терінде арнайы комиссия­лар құрыл­ған. Жергілікті атқарушы орган­дар­дың ұйымдастыруымен ағым­­дағы жылы сыбайлас жемқор­лық тақырыбында 250 семинар-кеңес пен дөңгелек үстел мәжілістері өткізілді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында, Ақмола облысы әкім­дігінің жанында кәсіпкерлік қозға­лысты дамыту жөніндегі сарап­тамалық комиссия жұмыс істеуде. Жалпы облыс бойынша осын­дай 19 кеңес белсенді қызмет ат­қарып отырғаны жөнінде таратып айтылды. Нақтылай түссек, 2015-2016 жылдар аралығында комис­сиялардың 70 мәжілісі өткізіліп, жеке кәсіпкерлік мүддесіне қатысты 96 нормативтік-құқықтық акт жобасы қарастырылған. Өңірде облыс әкімінің, мемлекет­тік органдар басшыларының кәсіп­керлік палатасы және қоғамдық бір­лес­тік өкілдерімен кәсіпкерлік сала­­сындағы сыбайластық көрініс­теріне қарсы тұру мәселелерін арқау еткен кездесулері тұрақты сипат алған. Облыста шағын және орта биз­несті қолдау, оның ішінде биз­несті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау бойынша тұрақты негіздегі жұмыстар жүргізілуде. Мұның бір мы­салы ретінде, Көкшетау қала­сын­да кәсіпкерлерге қызмет көр­сету орталығы ашылып, бір терезе не­гі­зінде кешенді қызмет көр­сетіп жат­қандығы айтылды. Биыл­ғы жы­лы 1904 азамат орталық қыз­ме­ті­­не жүгінсе, облыс бойынша 5760 кәсіп­керге толыққанды кеңес берілген. Мәжіліс барысында А.Шпекбаев сыбайлас жемқорлық заңының қолданыс аясы, құқық бұзушылық орын алған жағдайдағы қолда­ны­ла­тын шаралар мен жазалар ауқымы жөнінде кеңінен түсінік берді. Күн тәртібіндегі мәселеге қатысты таным­дық бейне роликтердің де әсері мол болды. Өз кезегінде өңір басшысы С.Кулагин бүгінгі маңыз­ды шара сыбайлас жемқорлық қауі­пін мейлінше төмендетуге және оның алдын алуға қосымша екпін бере­тінін атап өтті. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан»  КӨКШЕТАУ