Мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейді. Оларды іріктеудің жаңа жүйесі жасалды. Соған орай әр мемлекеттік қызметкерге, әсіресе, басқарма басшыларына жүктелер жауапкершілік жүгі де артты. Алайда, жауапкершілікті жете сезіну әлі де олқы түсіп жататынын қайтерсіз? Осы сөзімізге дәлел керек пе? Оны облыс әкімінің өзі алғашқы жартыжылдық қорытындыларына арналған отырыста келтірді. Сонда кей басқарма басшылары өз салалары бойынша қанша жұмыс орны ашылғанын дәйекті деректермен айта алмаған еді.
– Ашылған жұмыс орны туралы ақпаратты бәріңіз біліп отыруыңыз керек, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. – Жауапкершіліктен қашып, жұмыстарыңыздың аясын шектеп отырсыздар. Әрбір басқарма бөлек әлемде өмір сүріп жатқандай. Бюджеттен бөлінген ақшаның басты мақсаты – жұмыс орындарын ашу. Кәсіпкерлік басқармасы ақшаның қалай жұмсалып жатқанын білмесе, жұмыс орнымен қамту басқармасы қанша жұмыс орнының ашылып жатқанын білмесе, ауылшаруашылық басқармасы өз алдына хабарсыз болса, не үшін жұмыс істеп жатырмыз? Біздің мақсатымыз – ақша бөлу емес, жұмыс орнын ашу, экономиканы дамыту. Бөлінген ақшаның қалай пайдаланылып жатқанын қадағалау керек. Басқармалар арасында байланыс болсын...
Міне, осының өзінен аталған басқармалардың басшылары өз міндеттерін немқұрайлы атқаратынын байқауға болатындай. Әрине, әр басқарманың өз жоспары, соған орай атқаратын жұмысы әрқилы болар. Бірақ, бәрінің мүддесі бір, яғни өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу емес пе? Ендеше, басқарма басшылары бір-бірімен өзара байланыс орнатуды көздеуі тиіс қой. Алайда, дәл қазір олай болмай тұрғаны өкінішті. Бас-басына би болуды көздей ме, әлде ортақ мақсат жолындағы деректерді бір-бірінен қызғана ма? Атқарып отырған жұмыстары жөніндегі деректерді айтуға келгенде неге ұмытшақ бола қалады? Бәлкім, басқармалар басшылары тым ұялшақ па?
Қалай болғанда да, басқарма басшылары ашықтық қағидатымен ештеңені бүркемелемегенін қалар едік...
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше