13 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №144 

458 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
2016 жылғы 29 наурыз, Астана қаласы Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 44-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е.Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде оны ресми жариялануға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. Министр Б. СҰЛТАНОВ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №144 бұйрығымен бекітілген Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қағидалар 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 44-бабының 1-1) тармақшасына (бұдан әрі- Кодекс) сәйкес әзірленген және уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. 2. Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету тәртібі 2. Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уақытша сақтау қоймасы соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау жүйесімен жабдықталады. 3. Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәкес аталған ғимараттар мен аумақтарды Кодекстің 40-бабымен белгіленген шарттар және талаптарының сәйкестігін тексеру мақсатында, сондай-ақ құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының процестік заңнама­сына сәйкес алынған жедел ақпарат негізінде уақытша сақтау қоймасының иелері мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына бейнеақпараттарға қол жеткізуді ұсынады. «Үй-жайлар мен аумақтарды қарап тексеруді жүргізуге арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысанын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6454 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №415 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ұйғарым (нұсқау) және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы қызметтік куәлігін ұсынған кезде, не құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың бейнеақпаратты қарау үшін мерзімі қөрсетілген процестік құжаттардың негізінде бейнеақпараттарға қол жеткізу жүзеге асырылады. 4. Бейне ақпаратты қарауға қол жеткізу қойма аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне файлдарды қарау арқылы жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінің және уақытша сақтау қоймасының бейне бақылау жүйесінің интеграциясы болған жағдайда бейнеақапаратты қарауға қол жеткізуді мемлекеттік кірістер органдары онлайн режимінде уақытша сақтау қоймасының иелері мемлекеттік кірістер органдарына логиндерді және парольдерді ұсыну арқылы тиісті ақпараттық жүйеге кіру үшін жүзеге асырылады. Бейне ақпаратты онлайн режимінде қарау үшін мемлекеттік кірістер органдары басшысының рұқсаты қажет емес. 6. Бейнеақпарттарға мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының қол жеткізуін белгілеу мақатында уақытша сақтау қоймасының иелері осы Қағидаларға 1-қосымшада бекітілген нысан бойынша Бейнеақпаратқа қол жеткізуді тіркеу журналын (бұдан әрі-Журнал) жүргізуді қамтамасыз етеді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және оның қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы орналасқан мемлекеттік кірістер органдарының мөрімен бекітіледі. Бейнеақпараттарды қараудың нәтижесі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы Журналдың 1, 2, 3, 4, 6, 7 және 8-бағандарында жазба жүргізеді. Уақытша сақтау қоймасының иесі Журналдың 5-бағанында жазба жүргізеді. 7. Егер, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары бейне ақпараттарды қараудың нәтижесінде құқық бұзушылық және қылмыс белгілерін анықтаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасы заңнамасына, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес іс-қимылды жүзеге асырады. Бұл жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы осы Қағидаларға 2-қосымшада бекітілген нысаны бойынша Бейнематериалдарды алу/көшіру актісіне сәйкес бенематериалдарды көшіруді және алуды жүзеге асырады. Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарынның бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша Нысан Бейнеақпараттарға қол жеткізуді тіркеу журналы № р/н Бейнеақпаратты қарау күні Бейнеақпаратты қарау мерзімі Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаласының Т.А.Ә.(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы Уақытша сақтау қоймасы қызметкерінің Т.А.Ә.( егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы Құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілерінің анықтағаны туралы ақпарат Бейне-материал-дарды көшіру/алу туралы ақпарат Ескертпе 1 2 3 4 5 6 7 8 Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша Нысан Бейнематериалдарды алу/көшіру актісі Мен, ________________________________________________________________________ (Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаласының лауазымы және Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ________________________________________________________________________________ бүгін «_____» _____________ 20____ж. _____ сағ ____ мин ___________________________ _____________________________________________________________________________ (уақытша сақтау қоймасының атауы және мекен жайы) 1. ___________________________________________________________________________ (Актіні жасау кезінде қатысқан уақытша сақату қоймасы қызметкерлерінің және өзге тұлғалардың Т. А.Ә. ( егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ______________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ қатысуымен 2.____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________, _____________________________________________________________________________ (алынған бейнематериалдар және олардың сипаттамасы көрсетіледі) _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________ алынды/көшірілді. ________________________________________________________ Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының қолы 1.____________________ 2. _____________________ Акті жасау кезінде қатысқан тұлғалардың қолы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 4 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13684 болып енгізілді.