13 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №484

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 15 қыркүйек, Астана қаласы Түгендеу карточкасының нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларының 10-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған түгендеу карточкасының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі №484 бұйрығымен бекітілген Нысан 20___ жылғы «___»_______мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi бойынша есепке алуға қабылданған және______________________________ _________________________________________________________берілген мүлiктің (заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), беру уақыты) № ___ түгендеу карточкасы Заңды/жеке тұлғаның БСН/ЖСН_______________________________ Заңды/жеке тұлғаның мекенжайы, телефоны__________________________ Заңды/жеке тұлғаның банктiк деректемелерi____________________ Мүлiктiң атуы, оның сипаттамасы Күні Операцияның атауы, құжаттардың нөмірі және күні Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдауберу актiсi бойынша мүліктің құны, теңге Бағалау-ан кейінгі құны, теңге Мүлікті сатудан бюджетке аударған сомасы, теңге Мүліктің құны, теңге Операцияны жазу Операцияны жасау республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру кезінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру кезінде жойылған (мәле-меттер бар болса) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12173 болып енгізілді.