13 Тамыз, 2016

Рио-2016: Қайрат Ерәлиевтен жеңілген боксшы дау шығарды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-08-16-eraliev

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындар бокс турнирінің 56 килоға дейінгі салмағы 1/16 финалында қазақстандық Қайрат Ерәлиевтен жеңіліп алған әлемнің 2013 жылғы чемпионы, әзербайжан спортшысы Джавид Челебиев қарсыласының төрешілер көмегімен ұтқанын айтып, дау шығарып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе-жек 2:1 есебімен Қайраттың пайдасына шешілген болатын. Бокс жанкүйерлері ұрыстың соңында Ерәлиевтің баяғы Мохаммед Әлидің стиліне салып, бәсекелесі соққыларынан қалай жалтарып кеткенін көріп, қатты ризалық білдірді. Ал Джавидтің мәлімдемесіне орай Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов өте әдемі уәж келтірді. -Әзербайжан жағы, соның ішінде Челебиев өзінің Қайрат Ерәлиевтен ұтылмағанын айтып жатыр. -Мұндайлар болады. Боксшылар, кейде тіпті жаттықтырушылар да өз жеңілістерін мойындай қоймайды. Айталық, кейде қазақстандық боксшы да тап осылай тең шайқасқа түсіп жатады, бірақ төрешілер қарсыласының қолын көтеріп кетеді... Мен қашанда арбитр кімнің қолын көтерсе, соның жеңіске жеткенін айтамын. Қалғанының бәрі – бос сөз, - деді ол. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ