2015 жылғы 27 қараша, Астана қаласы
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 4-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. СҰЛТАНОВ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы
№591 бұйрығымен бекітілген
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесі
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының басшысының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, ішкі аудит қызметінің басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, ішкі аудит қызметі басшысының орыбасары;
әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің басшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары ішкі аудит қызметінің басшысы;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметінің басшысы;
ішкі аудит қызметтерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
ішкі аудит қызметтерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің бас сарапшысы;
ішкі аудит қызметтерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы;
ішкі аудит қызметтерінің қызметін үйлестіруді, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің басшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
ішкі аудит қызметтерінің қызметін үйлестіруді, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің бас сарапшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің бас сарапшысы;
ішкі аудит қызметтерінің қызметін үйлестіруді, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің бас маманын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, ішкі аудит қызметінің бас сарапшысы;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметінің бас маманы.
Ескертпе:
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдардың атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолданылады, сондай-ақ қызметкерлердің функционалдық міндеттерін негізге ала отырып, өзге лауазымдар атаулары теңестіріледі.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12503 болып енгізілді.