13 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №698

278 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2015 жылғы 28 желтоқсан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5 тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кадр қызметі департаменті (Омарова Г.) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен бірге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялануға оның жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға қатысты таралады. Министр Б. СҰЛТАНОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің міндетін атқарушы ______________ Е.Біртанов 2015 жылғы 31 желтоқсан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №698 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі А БЛОКГЫ - БАСҚАРУ ПЕРСОНАЛ Буы-ны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы А1 1 «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің басшысы А1 1-1 «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары А3 1 «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі бөлімінің басшысы В БЛОГЫ – НЕГІЗГІ ПЕРСОНАЛ Буыны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы В1 5 «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің сарапшы-талдаушы С БЛОГЫ - ӘКІМШІЛІК ПЕРСОНАЛ Буы-ны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы С1 Шаруашылық бөлімшенің меңгерушісі: қойманы, шаруашылықты, гаражды С2 Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: ветеринарлық дәірігер, барлық мамандықтар инженері, бағдарламалаушы, аудармашы С3 Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар: ветеринарлық фельдшер, барлық мамандықтар инженері, бағдарламалаушы, аудармашы, зертханашы D БЛОГЫ - КӨМЕКШІ ПЕРСОНАЛ Буыны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы D Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, іс жүргізуші, комен-дант, оператор (компьютерлік техника, көшірме машиналар, компьютерлік құрылымдарға, байланыс жүйелеріне қызмет көрсету), кассир, хатшы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12971 болып енгізілді.