13 Тамыз, 2016

Рио-2016: Рыпакованың жарыс жолына шығар кезі келді

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-08-16-rypakova

Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындарында қазақстандық белгілі жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың жарыс жолына шығатын кезі де келіп жетті. Біздің үкілі үмітіміз Ойындардағы жарыстың сегізінші күнінде сайысты үш қарғып секірудің квалификациялық турнирінен бастайды. Онымен бірге бұл додаға Ирина Эктова, Екатерина Эктова сынды қазақстандық спортшылар да қатысады. Жарыс Астана уақытымен 18:40-та басталады. Ол KazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұдан әрі, сағат 20:42-ден бастап қазақстандықтар Элина Михина, Анастасия Кудинова 400 метрге жүгірудің алдын ала сынағынан өтеді. Ал 23:03-те батутта секіру жарысының іріктеу кезеңі басталады. Оған бізден Пирмәмед Әлиев қатысады. Жарыс KazSport телеарнасынан беріледі. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ