14 Тамыз, 2016

Рио-2016: Василий Левит Ойындардың финалына шықты

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-28-16-levit

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың бокс турнирінде 91 кг салмақтағы қазақстандық  Василий Левит жартылай финалдық шайқаста кубалық Эрисланди Савонмен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Финалда ол енді ресейлік Евгений Тищенкомен кездеседі. Евгений бұған дейін өзбекстандық Рустам Тулягановты 3:0 етіп ұтқан болатын. Демек, бұл салмақта қола медаль өзбек Рустам Туляганов пен кубалық Эрисланди Савонға бұйырып отыр. Бұл салмақтағы финал 16 тамыз күні 04:15 сағатта ойналады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ