14 Тамыз, 2016

Рио-2016: Иван Дычко ежелгі бәсекелесінен басым түсті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-08-16-dychko

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың бокс турнирінде 91 килодан ауыр салмақтағы қазақстандық Иван Дычко жартылай финалда әзербайжандық Магомедрасул Меджидовпен кездесіп, 2-раундта жеңіске жетті. Иван қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты дәрігер шешімімен 2-раундта жарыстан алуы себепті жеңіске жетті. Бұл кезге дейін ол төрешілер бағасы бойынша ұтып тұрған еді. Екі боксшы 2011 және 2013 жылдарғы әлем чемпионаттары кезінде ұшырасқан еді. Оның екеуінде де әзербайжан спортшысы басым болған. Біріншісінде жартылай финалда ұтса, екіншісінде финалда нокаутпен жеңген. Иван қазір солардың біреуінің қарымтасын қайтарды. Бір айта кететін жайт, бұл салмақтағы алдыңғы үш ұрыс та нокаутпен аяқталды. Алдымен ұлыбританиялық Джой Джойс – кабоверделік Давильсон Мораис дос Сантосты 1-раундта, өзбек Баходир Жалолов – венесуэлалық Рамон Эдгар Миназды 2-раундта, нигериялық Эфе Ажагба тринидадтық Нигел Пауланы 1-раундта іске алғысыз етіп тастады. Иван Дычко 17 тамыз күні сағат 04:00-те ойналатын 1/4 финалда Эфе Ажагбамен ұшырасады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ