14 Тамыз, 2016

Астанада ломбард тонаймын деп қамалып қалды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
каракшы Астанада ломбард тонамақ болған қарақшы сол жерде қамалып қалды, деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Оқиға бүгін ертеңгісін Кенесары мен Янушкевич көшесінің қиылысындағы ломбардта болған. Ішкі істер департаментінен мәлім еткеніндей, белгісіз біреу ломбард тонауға әрекеттенген кезде қауіпсіздік дабылы іске қосылып, есіктер жабылып қалған. Бұл кезде іште ломбардың екі қызметкері болған. Хабар түсе салысымен жеткен полиция осы төңіректегі жолдарды жауып, тұрғындардың жақын келмеуін сұраған. Нақтыланбаған мәліметке қарағанда, ломбардқа кірген адам жарылғыш затты іске қосам деп қорқыту арқылы ақша алмақ болған.